RU
Толық нұсқаға өту

Боливияда су тасқынынан 23 адам қаза тапты

06.02.2025, 11:15 841

Боливияның солтүстігін су басты.

Қатты нөсердің салдарынан Бахия өзені тасып, арнасынан шығып кетті. Қазір Кобиха қаласында жағдай қиын. Онда 100-ден астам үйді су шайып кетті. Қауіпке байланысты 30 мың адам басқа аудандарға көшірілді. Боливияда күн райы тұрақталар емес. Түрлі табиғи апаттардан былтыр қарашадан бері тұрғындар зардап шегіп келеді. 23 адам көз жұмып, 100 мыңдай тұрғын баспанасыз қалған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz