Қытайда толассыз жауған жаңбыр лай көшкініне ұласып, 29 адам жоғалып кетті.
Апат Сычуань провинциясының оңтүстік-батысында болған. Екі тұрғын құтқарылған. Біреуінің жарақаты ауыр. Лай көшкіні 11 үйді басып қалған. 200 кісі қауіпсіз жаққа көшірілді. Билік азық-түлік, жылы көрпе-жастық сияқты қажетті заттарды шұғыл жеткізген. Президент Си Цзиньпин іздеу-құтқару жұмысын жеделдетуді тапсырды. Табиғи апат салдарымен күреске 11 миллион доллар бөлінген.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz