RU
Толық нұсқаға өту

Австралияда шетелдіктердің үй сатып алуына уақытша тыйым салынды

17.02.2025, 14:37 443

Австралия билігі шетелдік азаматтардың тұрғын үй сатып алуына уақытша тыйым салды, деп хабарлайды 24kz.

Бұл ереже сәуір айынан бастап күшіне еніп, 2 жылға жалғасады. Шара тұрғын үй нарығындағы бағаны төмендету үшін қолға алынған. Бірақ жасыл құрлыққа жұмыс немесе оқу үшін ұзақ мерзімге келген шетелдіктерге шектеу жоқ. Австралияның жылжымайтын мүлік нарығында қазір тапшылық сезіледі. Елде халық саны өсіп, үй қымбаттаған. Қазір тұрғын үйдің орташа бағасы 625 мың доллар тұрады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz