RU
Толық нұсқаға өту

Климат өзгеруінен Еуропада өлім-жітім артуы мүмкін

18.02.2025, 11:36 455

Климаттың өзгеруі Еуропада өлім-жітімді арттыруы мүмкін.

2099 жылға қарай "кәрі құрлық" елдерінде аптап ыстықтан 2 миллионнан астам адам көз жұмады деген болжам бар.

Аптап ыстық Еуропада жыл сайын 175 мыңнан астам адамның өмірін жалмайды. Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі. Мына кестеде жоғары температура салдарынан тұрғындарының қайтыс болу көрсеткіші жоғары 5 еуропалық қала берілген. Барселондағы өлім-жітім 250 мыңға, ал Рим мен Неапольда 150 мыңға жуық. Мадрид пен Миланда 100 мыңнан асады. Ғалымдар осылайша аптап ыстықтан көз жұмған еуропалықтар қатары 2099 жылға қарай 2 миллион 300 мыңға жетеді деп болжайды.

05.02.2025

Ыстық салдарынан қайтыс болуы мүмкін адамдар саны

1 Барселона 246 082

2 Рим 147 738

3 Неаполь 147 248

4 Мадрид 129 716

5 Милан 110 131

ЦИТАТА

Виктор Реско Де Диос, Льейда университетінің эколог-инженері /Испания/:

- Біз климаттың өзгеруіне толық бейімделе аламыз. Мұны қарапайым шешімдерден бастауымыз керек. Мысалы, климат өзгерісі кезінде паналауға болатын арнаулы орындар құруымыз қажет. Сосын қалаларда жасыл желек көлемін ұлғайту сияқты үлкен міндеттерге көшеміз. Сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін де төтенше жағдайларға лайықтаған жөн.

АҚШ-тағы Колумбия университетінің ғалымдары температура деңгейін 2 градустан асырмау туралы ғаламдық межені ұстап тұру мүмкін емес дейді. Өйткені ауаға бөлінген зиянды газдардың қарқынын тежеу енді қиынға соғады. 2045 жылға қарай температура 2 градустан асуы мүмкін.

ЦИТАТА

Джеймс Хансен, Колумбия Университетінің профессоры /АҚШ/:

- Ғаламдық жылынуға қарсы қолданылатын шараның бірі кеме жанармайына қатысты қатаң ережелер енгізу. Біз Солтүстік жартышардағы мұхиттарды сульфатты аэрокірнемен ластау деңгейін қысқартуға назар аударып отырмыз. Бірақ теңіздердің деңгейі көтерілгендіктен мұхиттардағы ағыстар біржола тоқтай ма деген қаупіміз өте зор.

Сарапшылар көмірқышқыл газының қалдығын қысқартып, жасыл технологияға көшуді ұсынады. Аптап ыстықтың адамға әсерін зерттеген ғалымдар өлім-жітім деңгейін қысқарту қолдан келгеннің өзінде денсаулыққа қаупін төмендету мүлде мүмкін болмайды деп ескертеді. Дональд Трамп билікке келгелі АҚШ-тың климат жөніндегі Париж келісімінен шығуы және қазба отынды өндіру қарқынын өсіру де экологтарды қатты алаңдатып отыр.

Ернат Рахметолла, Тамерлан Ким, Жәния Қарашолақова

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz