RU
Толық нұсқаға өту

Илон Маск Марсқа роботтарды жібермек

18.02.2025, 22:10 1028

SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Маск келер жылы Марсқа жасанды интеллект негізіндегі «Грок» роботтарын жіберуге ниетті. Олар Қызыл ғаламшарда ғылыми тәжірибелер жүргізеді.

 Тіпті қажетті инфрақұрылым құрылысына қатысуы да мүмкін. Миллиардер Грок жүйесі ең ақылды жасанды интеллект екенін айтады. Жуырда кәсіпкер осы нейрожүйе негізінде жұмыс істейтін чат-боттың жетілдірілген жаңа нұсқасын көпшілікке таныстырды. Тексерулер оның математика, бағдарламалау және ғылыми есептеулерде ChatGPT-ден әлдеқайда мықты екенін көрсеткен.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz