RU
Толық нұсқаға өту

Пентагон 5000 қызметкерін қысқартады

23.02.2025, 08:14 472

АҚШ-тың Қорғаныс министрлігінде 5 мыңға жуық азаматтық қызметкер жұмыстан босатылады, деп хабарлайды 24kz.

Дональд Трамп әкімшілігі осындай шешім қабылдаған. Washington Post-тың мәліметі бойынша ең алдымен сынақ мерзімінде жүрген қызметкерлер жұмыстан кетеді. Жаппай қысқарту келесі аптада басталады. Сонымен қатар жаңа кадрларды қабылдау уақытша тоқтатылады. Пентагон мемлекеттік шығындарды тиімді басқару үшін азаматтық қызметкерлердің 8%-ін қысқартуды жоспарлап отыр, бұл шамамен 70 мың адамды құрайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz