RU
Толық нұсқаға өту

Парижде ЮНЕСКО Халықаралық ана тілі күнін атап өтті

23.02.2025, 09:14 519

Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде Халықаралық ана тілі күніне арналған мерейтойлық шара өтті, деп хабарлайды 24kz.

Атаулы күн Бангладештің бастамасымен осыдан 25 жыл бұрын бекітілген. Мерекеге орай ЮНЕСКО тілдік әртүрлілікті қорғауға бағытталған ғылыми конференциялар сериясын ұйымдастырды. Қазақстанның мемлекеттік тілді дамытудағы тәжірибесі және елдің мәдени мұрасын насихаттаудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Кеш соңында концерт ұйымдастырылды. Қазақстан ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдени мұралар тізіміне енген Қорқыт ата шығармаларын ұсынды. Сонымен қатар Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» өлеңі қазақ және француз тілдерінде оқылды.

Мұстафа Сарвар Фаруки, Бангладеш үкіметінің мәдениет жөніндегі кеңесшісі:

- Егер сіз қоғамда әртүрлі тіл бар екенін мойындасаңыз, сіз әралуандылыққа дайын боласыз. Бұл өз кезегінде дені сау, толерантты қоғамды қалыптастыруға ықпал етеді.

Асқар Әбдірахманов, ЮНЕСКО-дағы ҚР Тұрақты өкілі:

- Әлемде 8,5 мың тіл бар, бірақ олардың тек 7 мыңы ғана белсенді қолданылады. Жаһандану мен қоғамдық өзгерістердің әсерінен тілдік мұраның бір бөлігі жоғалып барады. Статистикаға сәйкес әлемде әр екі апта сайын бір тіл толығымен жойылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz