RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ бір күнде Венесуэлаға 242 заңсыз мигрантты депортациялады

25.02.2025, 18:25 461

АҚШ 1 күнде Венесуэлаға 242 заңсыз мигрантты депортациялады.

Олардың арасында 70-тен астам бала бар. Кірмелер ел астанасы Каракасқа жеткізілді. "Рейтердің" хабарлауынша, оларды билік өкілдері ресми түрде қарсы алған. Енді мигранттар жергілікті жағдайға бейімделуден өтуге тиіс. Бұл АҚШ-тан арнаулы рейспен жеткізілген үшінші лек. Ақпан айында барлығы 600-ге жуық адам депортацияланған. "Пью Рисерч" ((Pew Research)) зерттеу тобы АҚШ-та қазір 11 миллионға жуық заңсыз мигрант тұрып жатқанын айтады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz