RU
Толық нұсқаға өту

Конгода жарғанат жеген 53 адам көз жұмды

26.02.2025, 09:41 833

Конго Демократиялық Республикасында жарғанат етін жеген 53 адам көз жұмды, деп хабарлайды 24kz.

Бұған дейін белгісіз аурудан 5 жасқа толмаған үш бала қайтыс болған. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау қызметі хабарлады. Олардың мәліметіне қарағанда, шалғай ауылдарда ұқсас белгілермен 431 жағдай тіркелді. Науқастардың алдымен қызуы көтеріліп, құсу, мұрыннан қан кету белгілері байқалған. Артынша 2 тәуліктен кейін өлім құшқан. Әзірге тұрғындардың жаппай өліміне не себеп екені белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша олар өлген жарғанат жеген. Тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz