Ресми Киев пен Вашингтон Украинаның пайдалы қазбаларын игеру бойынша ортақ келісімге келді. Владимир Зеленский құжатқа қол қою үшін осы жұмада Вашингтонға ресми сапармен бармақ. Бұл туралы Ақ үй басшысы Дональд Трамп мәлімдеді.
Рейтер агенттігінің хабарлауынша, Киев табиғи ресурстарды, әсіресе мұнай мен газды игеру туралы құжаттың жаңа нұсқасына қол қоюға келіскен. Бұған дейін тараптар осы мәселені талқылап, уағдаластыққа келе алмағаны туралы ақпарат тараған еді. Жаңа шарт инвестициялық қор құруды көздейді.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
- Ол маған келісімге қол қойғысы келетінін білдірді. Бұл өте маңызды келісім. Меніңше, оны америкалықтардың барлығы құптайды. Өйткені Байден президент қызметінде болғанда қаражатты оңды-солды шашты. Ал біз Украина мен Ресейге жүздеген млрд доллар жұмсап жатырмыз. Мен президент болғанда бұл қақтығыс басталмас еді.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz