RU
Толық нұсқаға өту

Техаста қызылшамен ауырғандар көбейді

26.02.2025, 17:45 532

АҚШ-тың Техас штатында қызылша ауруы өршіп барады. Жыл басынан бері 93 адам ауырған. Науқастардың көбі – бала. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Олардың айтуынша, кеселдің таралуы вакцинация деңгейі төмен аймақтарда байқалады. Әсіресе Гейнс округінде жоғары. Мамандардың айтуынша, инфекцияның алдын алу үшін екпе егу көрсеткіші 95%-тен төмен болмауға тиіс. Ал ақпарға қарағанда былтырғы оқу жылында мектеп жасына дейінгі балалардың 80%-і ғана қызылшаға қарсы егілген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz