Дональд Трамптың Мексикадан импортталатын тауарларға 25%-тік баж салығын енгізуі шаруалар үшін ауыр соққы болғалы тұр. Әсіресе авокадо өндірушілерге. Себебі бұл жеміс көбіне Америкаға экспортталады.
2025 жылдың 1 ақпанында АҚШ президенті Мексикадан импортталатын тауарларға 25%-тік баж салығын енгізетінін жариялаған еді. Бұл шешім заңсыз есірткі, әсіресе фентанил тасымалын тежеу мақсатында қабылданды. Алайда Мексика президенті Клаудия Шейнбаум АҚШ президентімен телефон арқылы сөйлескен соң Вашингтон жаңа тарифтің күшіне ену мерзімін сәуірдің екісіне дейін шегеру туралы шешім қабылдады. Шейнбаум Мексиканың солтүстік шекарасын 10 мың сарбазмен күшейтіп, АҚШ-қа заңсыз есірткі тасымалын болдырмауға күш салатынын жеткізді.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz