Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-қа ресми сапармен барды. Ол мінген ұшақ Мэриленд штатындағы Joint Base Andrews әскери әуе базасына қонды. Бұл туралы Украина 24 телеарнасы хабарлады.
Сапар барысында Зеленский жолай Ирландияға аялдап, сол елдің премьер-министрімен кездесті. Ал Вашингтондағы кездесуде қос елдің көшбасшысы АҚШ-қа пайдалы қазбалар жеткізу туралы келісімге қол қояды. Жаңа шарт инвестициялық қор құруды көздейді. Оған Украина мемлекеттік минералды ресурстардан түсетін кірісінің тең жартысын аударады.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz