Қытайда тұрғын үй бағасы тағы қымбаттады, деп хабарлайды 24KZ. Қытай ұлттық санақ бюросының мәліметіне сай баға бірінші деңгейлі шаһарларда күрт өскен.
Әсіресе Шанхай мен Шэньчжэнь сияқты ірі қалаларда шарықтап барады. Мұнда пәтер құны шаршы метріне орта есеппен 3 миллион теңгеден асады. Қымбатшылық баспаналарды одан да бетер қол жетімсіз қылып жіберді. Сала мамандары үй құны әлі де көтеріледі деп болжап отыр. Нарықтың құбылуы жергілікті халықты жапа-тармағай пәтер сатып алуға итермеледі. Мәселен, Шанхайда тұрғын үйге сұраныс кейінгі бір айда 125%-ке артса, Гуанчжоуда 47%-ке дейін көтерілген.
Ли Пэньюй, жылжымайтын мүлік жөніндегі менеджер:
- Қазір баспана бағасы құбылып тұр. Елдің оңтүстігінде үйдің құны көтерілсе, солтүстікте 0,1%-ке төмендеген. Нарықта сатып алушылардың көбейгендігі байқалып отыр. Қаңтар айында елдің 30 ірі қаласында 9,27 миллион шаршы метр тұрғын үй сатылды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14%-ке көп. Көктем мерекесінен кейін сұраныс бұдан да бетер артады.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz