БҰҰ-ның биоалуантүрлілік жөніндегі конференциясына қатысушы мемлекеттер жыл сайын табиғатты қорғау жұмыстарына 200 млрд доллар қаражат бөлуге келісті. Бұл шешім Римде өтіп жатқан COP16 жиынында қабылданды. Оған 200-ге жуық мемлекеттің делегациясы қатысты.
Қаржыландыру келісімі 2030 жылға қарай фауна мен флораның жойылып кетуіне жол бермейді. Жоба аясында мемлекеттер өзгеріске ұшыраған экожүйенің 30% қалпына келтіріп, пестицидтерді қолдануды 50% төмендетуді міндет қойды. COP16 конференциясының бірінші кезеңі былтыр қараша айында Колумбияның Кали қаласында өтті.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz