Израильде жеңіл көлік аялдамаға соқтығысып, 14 адамды қағып кетті.
Зардап шеккендердің барлығы жергілікті ауруханаға жеткізілді. Олардың арасында біреуі хал үстінде жатыр. Тағы екі науқастың жағдайы ауыр. Жергілікті полицияның алдын-ала мәліметі бойынша, оқыс оқиға лаңкестік әрекет болуы мүмкін. Көлік тізгініндегі адамның кім екені анықталды. Ол Израильде заңсыз тұрып жатқан 53 жастағы палестиналық тұрғын болып шықты. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz