Дәл қазір Вашингтон қаласында Владимир Зеленский мен Дональд Трамп кездесіп жатыр.
Мэриленд штатындағы әуежайға АҚШ уақытымен кеше, кешке қонған Украина президенті бүгінгі кездесуде, пайдалы қазбалар бойынша келісімге қол қоюы керек. Бұл қадам Шығыс Еуропадағы қарулы қақтығысқа нүкте қоюы, әбден мүмкін.
Армысыз?! Вашингтондағы ахуал қалай?
Ердана Ержанұлы, тілші:
- Сөзіңізде кеше Трамптың Стармермен болған кездесуін айтып қалдыңыз. Біраз бұрын Франция президенті де, сол жерде қонақ болды. Еуропалық саясаткерлердің кездесулері жөнінде не айтасыз?
Ердана Ержанұлы, тілші:
- Армысыз, дәл қазір әлем тарихи сәтке куә болып отыр. Үш жылға созылған соғыстың соңы өте жақын сияқты.
Бұған Украина тарабы қол қойғалы жатқан Ақ үйдегі келісімнің зор әсер ететіні сөзсіз. Әзірге бұл келісімнің нақты қандай шарттардан тұратыны толық ашылып айтылмады. Бірақ бізге белгілісі – екі ел келісімге келген соң, бірден Қайта құру инвестиция қорының негізі қаланады. ((V)) Оның мақсаты табиғи ресурстардан түсетін табысты елді қалпына келтіру, әрі қарай дамыту жобалары, инфрақұрылым және мемлекеттік кәсіпорындарға қайта инвестициялау болғалы тұр. Әл-Жазира арнасының хабарлауынша, Украина мемлекеттік меншікке жататын ресурстардан түсетін табыстың 50 пайызын осы бірлескен қорға аударады. Бірақ қалған елу пайыздың қайдан келетіні, әлде АҚШ-тың үлес қосар-қоспасы әзірге айтылмады. Бірақ Украинадағы тұрақтылық, даму мен бейбітшіліктің болуына Вашингтон қолдау танытамыз деп отыр. Бұл жөнінде Зеленскиймен жұмыс істеуге құлықты екенін Дональд Трамп кеше Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен кездесуі барсында айтты.
Дональд Трамп, АҚШ Президенті:
АҚШ, Вашингтон, КО
- Зеленский АҚШ-қа келе жатыр. Және біз барша БАҚ өкілдері алдында келісімге қол қояйын деп жатырмыз. Содан соң арамыздағы әңгіме де жақсара түседі. Біз Зеленскиймен жұмыс істегіміз келеді, жұмыс істейміз де. Негізі біздің қарым-қатынасымыз жап-жақсы, тек соңғы уақыттарда «ыдыс-аяқ сылдырлап» қалғаны бар. Себебі Еуропа өзінің салған ақшасын қайтарып жатыр да, АҚШ-та ондай мүмкіндік болмай тұр. Бұл Байден кезінде жіберілген қателік. Ол Украинаға 350 миллиард доллар салды.
Ердана Ержанұлы, тілші:
- Осы қаражатты қайтару жолында 500 млрд доллар көлеміндегі келісім қазір жасалып, қол қойылып жатыр. Алайда осыған дейін бұл көмектің мұнша көп сомада емес екенін Зеленский тілге тиек еткен еді. Әрі Украинаға бағытталған әскери, қаржылық, гуманитарлық көмекті бақылап отырған Әлем Экономикасы Киел Институтының мәліметінше, Вашингтон Киевке 118 млрд доллар көлемінде ақша құйған. Ал АҚШ Қорғаныс министрлігі бұл соманы 183 млрд доллар деп көрсеткен. Алайда сарапшылар келісімнің қалай өрбитініне қатысты алаңдаушылық танытып отыр.
Джэймс Никси, CHATHAM HOUSE-тағы Ресей-Еуразия бағдарламасының директоры:
Ұлыбритания, ЛОНДОН))
- Украиналық тарап өз аумағындағы сирек кездесетін пайдалы қазба байлықтың әлемдік қорының 5 пайызы бар деп отыр. Бұл оның халықаралық ұйымдармен мойындалған территориясындағы ресурстар. Алайда қазір бұл аумаққа Украина толықтай иелік етіп отырған жоқ. Әрі кейбір есептердегідей бұл ресурстар көлемі асыра бағалануы да әбден мүмкін. Сондықтан АҚШ-Украина арасындағы келісімге соғыстың нәтижесінің қандай болатыны толықтай әсер еткелі тұр. Соғыс жағдайында тұрып, жерін түгел бақылауға алмай, мұндай келісімге бірден келісе салу асығыс қадам болуы да мүмкін. ))
Ердана Ержанұлы, тілші:
- Қазір есептесуге қолайлы уақыт емес екенін Зеленский жақсы түсінеді. Және сол үшін де Ақ үйге өз аяғымен келіп отыр деп бүгінгі кездесудің аса маңызды екенін алға тартып отыр.
Ердана, сөзіңізде кешегі Ақ үйдегі Трамптың Стармермен болған кездесуін айтып қалдыңыз. Біраз бұрын Франция президенті де сол жерде қонақ болды. Еуропалық саясаткерлердің кездесуінен іліп алар не болды?
АҚШ, Вашингтон, КО
Ердана Ержанұлы, тілші:
- Ақ үй осы апта да мәртебелі меймандарды күтумен қарбалас болып жатыр. Және бұл кездесулердің екеуінде де екі саясаткер Трамптың тарифтеріне қатысты саясатын жібітуге барын салды. Және дәл осы Украина мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырып позициясынан түспеді. Және Стармер де, Макрон да, Трамптың айтқандарын журналистердің көзінше түзетумен болды. Ондағысы тағы сол Украинаға кім қанша, қалай көмек ұсынды деген мәлімдемелер қатарында. Және Стармер қойын қалтасынан Король ІІІ Чарльздің Трампқа арналған шақыру хатын арнайы алып, БАҚ өкілдері алдында оқып, АҚШ президентінің жауабын дәл сол мезетте алып алды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz