RU
Толық нұсқаға өту

Жапонияда орман өртеніп жатыр

02.03.2025, 10:11 703

Жапонияның солтүстік-шығысындағы Ивате префектурасындағы орман өрттеніп жатыр.

Табиғи апат салдарынан 1 адам ажал құшқан. Тілсіз жау қазірдің өзінде жүзге жуық үйді күлге айналдырып, 1400-ден астам гектар жасыл желекті жалмап үлгерді. Билік 4 жарым мың тұрғынға қауіпсіз жаққа көшуге бұйрық берген. Өртті сөндіруге тікұшақтар тартылды. Жергілікті ақпарат құралдары  өртке құрғақшылық себеп дейді. Аймақта ұзақ уақыттан бері жаңбыр жаумаған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz