RU
Толық нұсқаға өту

Газадағы оқу жылы ауыр жағдайда басталды

02.03.2025, 11:01 541

Газа секторында ақпан айының соңында 1 жыл үзілістен кейін жаңа оқу жылы басталған.

Бірақ білім беру жүйесіндегі жағдай сын көтермейді. Анклавтағы мектептердің 85 пайыздан астамы Израиль бомбалауынан қираған, мұғалім жетіспейді, оқу құралдары жоқтың қасы. Бірен-саран ғана білім ордасы бар. "Рейтердің" хабарлауынша, палестиналық балалар сабақтың басталғанына қуанышты. Билік әбден күйреген білім беру жүйесін қалпына келтіруге барын салып әлек. Қосымша онлайн курстар да ашылып, еріктілер тартылып жатыр. Сондай-ақ босқындар лагерлерінде уақытша оқыту алаңдары ашылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz