Боливияда екі автобус соқтығысып, 37 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24kz.
Тағы 40 азамат жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Оқыс оқиға елдің оңтүстік-батысындағы Уюни мен Кольчани қалаларының арасындағы тасжолда болды. Апаттың нақты себебі анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша қоғамдық көліктің бірі қарсы жолаққа шығып, жылдамдықты асырған. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, жол-көлік оқиғасына кінәлі болуы мүмкін жүргізуші мас күйде болған.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz