Канадалық автоөндірушілер АҚШ-қа көлік экспорттауды азайтады. Өйткені Трамптың импортқа тарифті көтеру туралы шешімі күшіне енсе елдегі автоөндіріс саласы шығынға ұшырайды.
Мұның сыртында, 100 мыңнан аса адам жұмыссыз қалады. Қазір Канадада өндірілген көліктердің 70 пайыздан астамы АҚШ нарығына жөнелтіледі. Айта кетейік, ақпан айының басында АҚШ президенті Дональд Трамп Канада мен Мексикадан жеткізілетін тауарларға 25%, ал Қытайдан жеткізілетін өнімдерге 10% баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойған болатын. Екі елдің басшыларымен сөйлескеннен кейін саясаткер бұл шараларды бір айға кейінге шегерді. Жаңа тариф ертең күшіне енеді.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz