RU
Толық нұсқаға өту

Израильде терактіден бір адам қаза тапты

03.03.2025, 17:09 467

Израильде лаңкестік әрекет салдарынан бір адам қаза тауып, тағы төртеуі жарақат алды.

Оқиға елдегі үшінші ірі қала - ХАйфада болған. Мұнда орталық автовокзалда ер адам жұртқа пышақ ала жүгірген. Тәртіп сақшылары оның көзін жойды. Жарақат алғандар арасында жасөспірім бар. Дәрігерлер баланың жағдайы ауыр екенін хабарлайды. Қаскөй Израиль азаматы болып шықты. Оның бұл әрекетке не үшін барғаны әзірге белгісіз. Шабуыл лаңкестік әрекет деп танылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz