Трамп Қытай тауарларына салынатын баж салығын 20 пайызға ұлғайтты. Бұл шешім Пекиндегі есірткінің заңсыз айналымы мен оның салдарымен күресу үшін жеткілікті шаралар қабылдамауына байланысты.
Бұған жауап ретінде Қытай Дүниежүзілік сауда ұйымына шағым түсірді. Тіпті АҚШ-тан импортталатын ауылшаруашылық тауарларына 10 пайыз салық салуды көздеп отыр.
Джемилла Ноулз, тұрғын:
- Біз әдетте азық-түлік дүкендерінде не болып жатқанына аса мән бермейміз ғой. Жағдай расымен алаңдатарлық. Тіпті бұл мәселе одан сайын ушығып, салдары елдер арасындағы қарым-қатынастың бұзылуына әкеп соғуы мүмкін.
Канада мен Мексика тауарларына баж салығы заңды түрде күшіне енді
Осыған дейін Трамп заңсыз көші-қон мен есірткі саудасына байланысты Канада мен Мексикадан келген тауарларға да 25 пайыз баж салығын енгізген болатын. Аталған шектеу шаралары бүгіннен бастап күшіне енді. Салдарынан ексикалық песо мен канадалық доллардың бағасы қазірден күрт құлдырап кетті. Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, құны 900 миллиард болатын тауарларға салынған салықтар Солтүстік Американың экономикасына айтарлықтай салмақ түсіреді.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz