Қытай АҚШ өнімдеріне қарымта тариф енгізеді, деп хабарлайды 24kz.
Келесі аптадан бастап Америкадан келетін ауылшаруашылық тауарларына 10% мен 15% аралығында қосымша баж салығы салынады. Бұған дейін Дональд Трамп қытайлық өнімдерге алымды 2 есе ұлғайтып, 20%-ке дейін көтеріп жіберген еді.
«Себебі Бейжің есірткі саудасымен дұрыс күреспей отыр», - дейді ол. Бірақ бұл шешім Қытай тарабының наразылығын тудырып, көрші ел Дүниежүзілік сауда ұйымына шағым түсірді.
Линь Цзянь, Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
- Егер АҚШ-та есірткі саудасымен күреске қатысты сұрақтар болса, онда Қытаймен өзара теңдік және өзара сыйластық негізінде кеңес бастауы керек еді. Бірақ америкалықтар сауда соғысын таңдап отыр. Онда Қытай соңына дейін барады. Біз АҚШ-ты сес көрсетуден бас тартып, диалогқа келуге шақырамыз.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz