Германияда көлігімен көшедегі адамдарды қаққан жүргізуші жүйке ауруына шалдыққан, деп хабарлайды 24kz.
Бұл оқиға кеше неміс елінің оңтүстік-батысындағы Мангейм қаласында болды. Қаскөй көлігімен көшедегі жұртты қағып, 2 адам көз жұмды. Тағы оны жараланды. Жүргізуші 40 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Бұған дейін рөлге мас күйінде отырып, жанжал шығарғаны үшін сотталғаны анықталды. Ол шабуылдан кейін бірден қамауға алынды. Германияда кейінгі 2,5 айда үшінші рет осындай қайғылы жағдай тіркеліп отыр.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz