Филиппин астанасы мен бірнеше ірі қалада ыстықтан 100-ден аса мектеп жабылды, деп хабарлайды 24kz.
Салдарынан 70 мың бала қашықтан оқуға көшті. Көп өңірде ауа температурасы 35 градустан асады. Басынан күн өтіп, медициналық көмекке жүгініп жатқандар көп. Мамандар ыстықтың беті әлі қайтпайтынын ескертеді. Ауа температурасы 42 градусқа дейін жетуі мүмкін. Сондықтан билік тұрғындарды мүмкіндігінше тысқа шықпауға шақырады.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz