RU
Толық нұсқаға өту

Қытайда қар көшкіні 45 көлікті басып қалды

05.03.2025, 23:23 846

Қытайда қар көшкіні жүріп, 45 көлікті басып қалды.

Құтқарушылар 115 адамды аман-есен алып шықты. Оқиға Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сизан автономдық ауданында болды. Тау көшкіні аймақтағы негізгі автомагистральді жауып, жолдың 5 шақырым бөлігі ақ ұлпаға көміліп қалған. Көлік қозғалысы шектеліп жер асты туннельдері бітелді. Қар астында қалғандарды іздеу-құтқару жұмыстары 7 сағатқа созылды. Қазір өңірде жолдарды қардан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz