Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты Қазақстанның алдын ала есебін жоғары бағалады, деп хабарлайды 24kz.
Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев халықаралық азаматтық авиация ұйымының бюро директоры Николя Ралломен кездесті.
«Бізге көрсеткен тұрақты қолдауыңызға, соның ішінде бастамаларымызды қолдағаныңыз үшін Үкімет атынан шын жүректен алғысымды білдіремін. Осы тергеуді толық аяқтау мақсатында біз ИКАО-мен өзара іс-қимылды жалғастырамыз», - деді Қанат Бозымбаев. Ол сондай-ақ ұшақ апатының алғашқы күнінен бастап Қазақстан объективті және жан-жақты тергеу жүргізуге басымдық бергенін атап өтті.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz