RU
Толық нұсқаға өту

Албанияда TikTok-қа тыйым салынды

08.03.2025, 15:31 653

Албанияда TikTok-қа уақытша тыйым салды, деп хабарлайды 24kz.

Негізі мұндай шешім былтыр қарашада қабылданған, бірақ ол енді ғана іске асып отыр. Билік осы әлеуметтік желі бетінде зорлық-зомбылық әрекеттерінің күшейгенін айтады. Қысым, әсіресе, балалар мен жасөспірімдер арасында көбейген. Мектептердің бірінде ТикТок-та керіскен оқушы екіншісін пышақ сұғып өлтірген. Елдің Білім министрлігі әлеуметтік желі өкілдерімен балаларға ата-ана тарапынан бақылау орнату мүмкіндігін қарастыруды тапсырған. Осы іске байланысты Албанияда ТикТокты пайдалануға 1 жылға шектеу қойылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz