RU
Толық нұсқаға өту

Сирияда төрт күнде 1500 адам қайтыс болды

11.03.2025, 07:52 560

Сирияда қарулы қақтығыстардан бір жарым мыңға жуық адам қаза болды, деп хабарлайды 24kz.

Солардың бір мыңы – бейбіт тұрғын. Олардың арасында балалар да бар. 6 наурызда елдің батысы мен орталық бөлігінде бұрынғы президент жақтастары мен қазіргі билікке бағынатын қауіпсіздік күштері арасында атыс болған. Бұл – Башар Асад биліктен кеткен кейінгі 3 айдағы ең ірі қақтығыс. Бүлікке байланысты ірі қалаларда коменданттық сағат енгізілген. Тергеу басталып, елдің уақытша президенті тәуелсіз комитет құрды. Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі экс-президент жақтастарына қарсы әскери операцияның аяқталғанын жария етті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz