АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі бағдарламаларының 83%-ін қысқартты, деп хабарлайды 24kz.
Сөйтіп, 5200 келісімшарттың күші жойылды. 1961 жылы құрылған бұл тәуелсіз агенттік Конгрестің қаржыландыруымен кедей елдерге халықаралық көмек көрсетіп келген. Алайда Ақ үй әкімшілігі мемлекеттік шығындарды азайту үшін бағдарламаларды қайта қарап жатыр. Енді қалған мыңға жуық жоба мемлекеттік департаменттің құзіретіне өтеді. Бірақ Америка азық-түлік бағдарламаларын, адамның иммун тапшылығы вирусы, туберкулез және безгекті емдеуге қажетті дәрі-дәрмек жеткізу жобаларын қаржыландыруды тоқтатпайды. Сондай-ақ Ливан, Гаити мен Венесуэлаға көмек көрсету бағдарламалары жалғасады.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz