RU
Толық нұсқаға өту

Ғалымдар эпилепсияны анықтайтын құрылғы ойлап тапты

13.03.2025, 09:25 789

Лондон ғалымдары ми қабатында көзге көрінбейтін ұсақ ауытқуды анықтайтын құрылғы жасап шығарды.

MELD Graph деп аталатын құрылғы рентгенологтар жиі жіберіп алатын мидағы өзгерістің шамамен 70 пайызын дәл анықтайды. Яғни  қолданыстағы жүйеге қарағанда әлдеқайда дұрыс әрі нақты нәтиже береді. Мамандар ол үшін жасанды интеллектінің көмегіне жүгінген. Ал құрылғыны жасап шығаруға үшін 10 жыл уақытын жұмсаған. Тың технология әлі емдеу орындарында қолжетімді емес. Бірақ зерттеушілер оны әлем бойынша медицинада қолданып, оны пайдаланудың әдісін сала мамандарына үйретуді жоспарлап отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz