RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ-та үкімет жұмысын тоқтатпайды

16.03.2025, 09:45 770

АҚШ Сенаты алдағы жарты жылға арналған мемлекеттік мекемелерді уақытша қаржыландыру туралы заң жобасын қабылдады.

Нәтижесінде федералдық үкімет жұмысы тоқтамайтын болды. Дональд Трамптың президенттігінің бірінші мерзімі кезінде ондай жағдай болған. Ол кезде республикашылдар мен демократтар көші-қонға қаржы бөлу бойынша келісе алмай, үкімет 35 күнге жұмысын тоқтатқан еді. Бұл жолы қабылданған қысқа мерзімді бюджетке сәйкес, қорғанысқа алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 6 милилард доллар көбірек бөлінеді. Есесіне басқа салалардың бюджеті 13 миллиард долларға қысқарады. Бұл демократтарың наразылығын тудырып отыр. Айтуларынша, ол ондаған мың жұмыс орнының қысқаруына әкеп соқтырады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz