RU
Толық нұсқаға өту

БҰҰ халықаралық көші-қон ұйымы Женевадағы жұмыс орындарын қысқартады

16.03.2025, 11:00 461

БҰҰ-ның халықаралық көші-қон ұйымы Женевадағы жұмыс орындарын 20%-ға қысқартады.

Бұған АҚШ тарапынан қаржыландырудың шектелуі себеп. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады. Ұйымның Женевадағы штаб-пәтерінде шамамен 1 мыңдай адам жұмыс істейді. Соның 200-ден астамы қызметінен босатылады. АҚШ Президенті Дональд Трамп өткен айда халықаралық даму агенттігі мен мемлекеттік департамент бекіткен келісімшарттың 92%-ның күшін жоятынын мәлімдеді. Сөйтіп, мемлекеттік бюджеттен шамамен 60 миллиард доллар көлемінде қаражат үнемдеуді көздеп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz