RU
Толық нұсқаға өту

Әлемнің бірқатар елі көктемнің келуін ерекше атап өтеді

17.03.2025, 07:34 506

Атауы Наурыз болмаса да, әлемнің бірқатар елі көктемнің келуін, күн мен түннің теңелуін ерекше атап өтеді, деп хабарлайды 24kz.

Наурызды Латын Америкасында, Африка елдерінде және Үндістандағы Холи мерекесіне ұқсатуға болады.

Сондай-ақ славян халықтарының Масленицасына, бирмалықтартың Су мейрамына, хорезмдіктердің Наусарджи, буряттардың Сагаан сара, армяндардың Навасарди, чуваштардың Норис ояхе мерекесіне ұқсайды.

 

Холи – үнділердің жаңа жылы

Үндістан көктемнің келуін Холи мерекесі деп атап өтеді. Холи тек Үндістан ғана емес, Шри-Ланка, Непал, Бангладеште де сүйікті мереке. Ол сондай-ақ ірі үнді диаспорасы бар Оңтүстік Африка, Ұлыбритания, АҚШ, Гайана, Маврикий және Фиджи сынды елдерде танымал. Бұл мереке наурыздың алғашқы екі-үш күнінде өтеді. Бірінші күні кешке қарай от жағылып, үлкен тұлыптар немесе безендірілеген ағаштар өртеледі. Ол оттың үстінен сиырлар, ал күлдің үстінен адамдар жүріп өтеді. Дхалунди деп аталатын екінші күні және үшінші күндері адамдар кешке дейін ойын-сауы

қ құрып, бір-біріне бақыт пен жақсылық тілеп, көктемнің ең жарқын реңктерін сипаттайтын түрлі-түсті ұнтақ бояулар шашады. Түрлі-түсті ұнтақтар ним, халди, кумкум, билва, куркума сынды емдік шөп ұнтақтарынан тұрады. Үндстанға жылдың ең жарқын мерекесін тамашалау үшін шетелден арнайы баратын туристер де көп.

Блиц 1:

- Біз Үндістанның тамаша мәдениетімен таныстық. Бұл мерекеге келген кез келген адам күйбең тірліктен бір сәт ажырап, барлық уайымын ұмытатындай. Адамдардың бәрі сондай көңілді.

Блиц 2:

- Тамаша, өте әдемі! Алуан түрлі түстер, жақсы энергия. Жарқын жүзді адамдар.

Холи сөзі жану дегенді білдіреді. Үнді нанымдарына сәйкес, от жалыны қыстың суық ызғарын және зұлым рухтарды аластауға көмектеседі. Бұл мерекелік дәстүрлер славяндардың Масленицасына ұқсас және өзге де халықтардың мерекелерінде осы тектес салт-жоралғы кездесіп жатады.

 

Оңтүстік-шығыс Азия елдері көктем мерекесінде бір-біріне су шашады

Үнділер бір-біріне бояу шашса, бирмалықтар су шашады. Оңтүстік-шығыс Азияның бірқатар елі ежелгі үнді астрологиялық күнтізбесі бойынша Жаңа жылды атап өтеді. Мьянмада бұл мереке Тинджан, ал Таиландта Сонгкран деп аталады. Су шашу – мерекенің басты дәстүрлерінің бірі. Мейрам күндері халық көшеге шығып, су атқыштармен немесе ыдыстарына су толтырып, өткен кеткен адамдарға су шашады. Бұл бір жыл ішінде жиналған жамандықты жою үшін жасалатын ырым. Халық судың жаңа жылда бақыт әкелетініне және өткен жылдың сәтсіздіктерін жоятынына сенеді.

 

Әзербайжанда Наурыз мерекесіне дайындық ақпанда басталады

Ал, Наурызды біз сияқты атап өтетін елдің бірі Әзербайжан. Бұл елде Наурызға дайындық бір ай бұрын басталады. Мереке таяғанда жұрт табиғаттың төрт күшіне құрмет көрсетеді. Алғашқы төрт сейсенбіде Су, От, Жел және Жер күні атап өтіледі. Бұл дәстүр Чершенбе ахшамы деп аталады. Мәселен 21 ақпанСу күні. Бұл күні от жағып, оттан секіру керек. Су сәрсенбісінен соң халық От сәрсенбісін тойлайды. Мұнан ары топырақ және жел сәрсенбісі болады. Ырымға қарағанда, алғашқы сәрсенбіде су тазарса, екінші сәрсенбіде от жаңарады, үшінші сәрсенбі топырақ тіріледі, соңғы сәрсенбіде жел арқылы ағаш бүршік жарып, көктем келеді. Табиғаттың осы төрт күші дүниені жаңартып, Наурыз мерекесін хабардар етеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz