RU
Толық нұсқаға өту

Газа секторында ауызсу тапшы

17.03.2025, 14:11 477

Тұрғындар тіршілік  нәрін ыдыстарына құйып алу үшін ондаған шақырым жаяу жүріп, таңсәріден кезекке тұруға мәжбүр, деп хабарлайды 24kz.

Ең сорақысы, таза ауызсу аптасына тек бір мәрте беріледі. Қалған күндері таратылатын су ішуге жарамсыз. Тіпті ауызсу кезектің басындағыларға ғана жететін көрінеді. Халықаралық ұйымдар «Газа секторы өмір сүруге жарамсыз» деп дабыл қағып отыр. Себебі таза ауызсу халықтың тек 10%-іне ғана қолжетімді.

Еске салайық, осыған дейін Израиль ХАМАС-пен келіссөздерді жалғастыру үшін Газа секторын екі аптаға ауыз судан айырған болатын.

Нехад Одуан, жергілікті тұрғын:

- Балаларымызды жуындыруымыз керек. Өзіміз де шомылып, су ішіп, тамақ әзірлеуіміз қажет. Келетін судың сапасы көңіл көншітпейді. Тұзды, ішуге мүлде жарамайды. Таза су күнде берілуі керек емес пе?! Біз болсақ, бір апталап ала алмай жүре береміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz