RU
Толық нұсқаға өту

Ғарыш станциясында 9 айға қалып қойған астронавтар Жерге қайтып келе жатыр

18.03.2025, 23:42 926

Халықаралық ғарыш станциясында 8 күн болудың орнына 9 айға қалып қойған НАСА-ның 2 астронавты Жерге қайтып келе жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Олар бірнеше сағаттан соң Мексика шығанағына қону керек. Америкалықтар былтыр маусымда Боинг компаниясының миссиясы аясында ғарыш станциясына ұшқан еді. 8 күн ішінде кері қайту керектін. Бірақ техникалық ақауға байланысты осы күнге дейін қайта алмады. Астронавтар 9 ай бойы ғылыми зерттеулер жүргізіп, станцияға техникалық қызмет көрсеткен. Солардың бірі Сунита Уильямс ашық ғарышта 62 сағат өткізіп, әйелдер арасында рекорд орнатты. Енді олармен бірге жарты жыл бұрын халықаралық ғарыш станциясына аттанған америкалық және ресейлік 2 ғарышкер де ұшып келу керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz