RU
Толық нұсқаға өту

Байденнің балалары мемлекеттік күзеттен айырылды

18.03.2025, 23:46 626

Дональд Трамп Джо Байденнің балаларына тиесілі мемлекеттік күзетті алып тастады, деп хабарлайды 24kz.

Ақ үйдің бұрынғы басшысының ұлы мен қызын қорғаумен АҚШ-тың құпия қызметінің 30-дан аса қызметкері айналысқан екен. Әдетте мұндай қызметті президент пен оның отбасы мүшелері пайдаланады. Ал биліктен кеткеннен кейін тек экс-басшы мен оның әйелі өмір бойына қорғауда болады. Жасы 16-дан асқан балалары ондай мүмкіндіктен айырылады. Бірақ мерзімі аяқталар алдында Джо Байден ересек балалары үшін мемлекеттік күзетті 6 айға, демек биыл шілдеге дейін ұзарту туралы жарлыққа қол қойып кеткен. Бірақ ең қызығы, Дональд Трамп та президенттігінің бірінші мерзімінде дәл солай жасаған еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz