RU
Толық нұсқаға өту

NASA ғарышкерлері Жерге оралды

19.03.2025, 18:00 625

NASA астронавттары Бутч Уилмор мен Сунита Уильямс 9 айлық ғарыш сапарынан кейін Жерге оралды. Халықаралық ғарыш станциясынан Жерге дейінгі сапар 17 сағатқа созылды.

Crew Dragon капсуласының Флорида жағалауына қону сәтін миллиондаған адам тікелей эфирде тамашалады. Бастапқыда 8 күнге жоспарланған миссия Starliner кемесіндегі техникалық ақауға байланысты ұзартылды. Гелийдің ағып кетуі мен қозғалтқыштың істен шығуы Starliner-ді экипажсыз қайтаруға мәжбүр етті. Ғарышкерлер сол уақыт ішінде ғылыми зерттеу жүргізіп, станцияға қызмет көрсетуді жалғастырды. Олардың Жерге оралуы үшін SpaceX ғарыш кемесі қолданылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz