АҚШ пен Украинаның техникалық топтары жақын акүндері Сауд Арабиясында кездеседі, деп хабарлайды 24kz.
Олар атысты Қара теңізге дейінгі аумақта және толық тоқтату мәселелерін талқылайды. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт мәлімдеді. Ол сондай-ақ Владимир Зеленский телефон арқылы екеуара 1 сағат сөйлескен кезде Дональд Трампқа жан-жақты қолдауы үшін алғыс білдіргенін жеткізді.
Кэролайн Ливитт, Ақ үйдің баспасөз хатшысы:
- Президент Трамп пен Украина президенті Володимир Зеленский телефон арқылы керемет әңгіме жүргізді. Олар соғысты нақты тоқтату және түбегейлі бейбіт бітімге келу бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласқан. Трамп Зеленскийге Путинмен болған әңгіменің барысы туралы толық хабардар етті. Зеленский өз азаматтарын қорғау үшін қосымша әуе қорғаныс жүйесін, оның ішінде «Патриот» зымыран жүйелерін сұрады. Трамп оларды Еуропаға орналастыруға келісті. Украина барлау мәліметтері де беріледі.
Тегтер #АҚШ #Украина #Сауд АрабиясыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz