RU
Толық нұсқаға өту

Испанияда жауын басылмай тұр

21.03.2025, 08:30 724

Испания астанасы Мадридте жауын басылмай тұр. Бірнеше аптадан бері шелектеп жауған жаңбырдан кейін қаланы су басты.

Су қоймалары 67%-ке толды. Синоптиктердің болжамына сәйкес алапат дауыл соғып, Манзанарес өзені арнасынан тасуы мүмкін. Ел билігі тұрғындарды үйден шықпауға, қауіптің алдын алуға шақырды. Осыдан 4 ай бұрын Валенсияның шығыс аймағында толассыз жауыннан кейін тасқын жүріп, 200-ден астам адам көз жұмды. Бұл кейінгі онжылдықта зор шығын келтірген табиғи апат болды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz