RU
Толық нұсқаға өту

Аукционда Twitter-дің бұрынғы логотипі $35 мың сатылды

23.03.2025, 10:57 682

АҚШ-тағы аукциондардың бірінде Twitter компаниясының бұрынғыл логотипі сатылды, деп хабарлайды 24kz.

Бірлестіктің Сан-Францискодағы ескі штаб-пәтерінде ілулі тұрған белгі 35 мың долларға саудаланды. Бірақ көлемі 4 метр, ал салмағы 254 келі болатын логотипті кімнің сатып алғаны белгісіз. Бәссаудаға өзге де танымал технологиялық алпауыттардың дүниелері қойылған. Мысалы Apple-дің ұялы телефоны мен компьютері өте қымбат бағаға саудаланды. Маск бұған дейін бұрынғы Twitter кеңсесіндегі кәдесыйлар мен ас үй жабдығы сияқты заттарды аукционға шығарған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz