Мерекелік іс-шара Бейжіңдегі Олимпиадалық саябақта ұйымдастырылды, деп хабарлайды 24kz.
Оған осы елде оқып жүрген 150-ге тарта студент пен дипломаттардың отбасылары қатысты. Мейрамда наурыз көже, құрт, бауырсақ әзірленіп, көпшілікке таратылды. Өнерпаздар домбыра тартып, би биледі. Қазақ жастарының өнері демалыс орнына келген халықты тәнті етті. Сонымен қатар арқан тарту, асық атудан жарыс өтті. Жастар қазақтың ұлттық киімдерін киіп қазақтың дәстүрімен таныстырды.
Айзада Дәурен, студент:
- Көп адам келді жан-жақтан. Өткені мына паркке көп адам келеді. Және демалыс күні болған соң қызығушылық танытқандар өте көп болды.
Олжас Тілек, студент:
- Мына жақта сұрасаңыз болады. Қытайлықтар көп. Басқа шетелдік адамдары көп. Мысалы менің достарым бар. Испаниядан келген, Мексикадан келген, Еуропадан келген, Африкадан келген. Солардың бәрін шақырып, осы Наурызды ұйымдастырып отырмыз.
Тегтер #Қытай #студенттер #Наурыз мейрамыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz