RU
Толық нұсқаға өту

Кореяда алты мың гектардан астам орманды алқап жанып кетті

23.03.2025, 20:00 741

Оңтүстік Кореяда орман өртеніп жатыр.

Елдің оңтүстік-басында 6 мың гектардан астам алқап жанып кетті. 4 адам қаза тауып, тағы 6 адам ауыр жарақат алды. Жергілікті билік табиғи апатқа байланысты қауіпті өңірлерде төтенше жағдай жариялады. Қызыл жалын кей елді мекенге жетіп, 1 жарым мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Өртті сөндіруге 9 мыңнан астам маман жұмылдырылып, 100-ден астам  арнайы техника қолданылып жатыр. Бірақ мамандардың айтуынша, бұған жел көп кедергі келтіріп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz