Оңтүстік Кореяның шығысында орман өрті ырық бермей тұр. Оған құрғақ ауа райы мен екпінді жел себеп. Содан өткен аптадан бері Кёнсан-Пукто провинциясында 15 мың гектар орман алқабы өртеніп кеткен. Тілсіз жау салдарынан 4 адам опат болып, тағы 11-і жараланған.
5 жарым мыңдай тұрғын үй-жайын тастап, қауіпсіз жерге көшірілді. Жыл басынан бері елде 250-ге жуық өрт ошағы тіркелген екен. Соның көбіне адамдардың өздері кінәлі болып шыққан.
Тегтер #Оңтүстік Корея #орман өрті #орман алқабы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz