RU
Толық нұсқаға өту

Эр-Риядта АҚШ пен Украина келіссөздері аяқталды

25.03.2025, 19:10 1020

Сауд Арабиясында АҚШ пен Украина делегацияларының арасында өткен келіссөздердің кезекті раунды аяқталды. Блумберг агенттігінің хабарлауынша, тараптар Қара теңізде оқ атуды доғару және Украина мен АҚШ-тың энергетикалық нысандарын атқылаудан бас тарту мәселесін талқылаған.

Екі жақ осы Сауда Арабиясында 23 наурызда келіссөздердің бірінші кезеңін өткізген еді. Ал кеше мұнда америкалықтар Ресей делегациясымен кездесті. 12 сағатқа жалғасқан жиын қорытындысы бойынша ортақ мәлімдеме жасалған жоқ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz