RU
Толық нұсқаға өту

Чилиде өртке байланысты 2000-нан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді

26.03.2025, 14:34 681

Чилиде ормандағы өртке байланысты 2 мыңнан астам адам қауіпсіз жаққа көшірілді, деп хабарлайды 24kz.

Зардап шеккендер мен құрбандар туралы ақпарат жоқ. От елдің орталық бөлігінде тұтанған. Билік қауіп-қатердің ең үлкен «қызыл» деңгейін жариялады. Аймақта әкімшілік ғимараттар, балабақшалар мен мектептер жабылған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 2200 гектардан астам жасыл желек жанып кеткен. Өртті сөндіруге күшті жел кедергі. Тілсіз жаумен ондаған бригада күресіп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz