RU
Толық нұсқаға өту

Суданның үкімет әскері әуежайды өз бақылауына алды

27.03.2025, 07:38 673

Судан үкіметінің әскері ел астанасы Хартумдағы әуежайды өз бақылауына алды. Стратегиялық маңызды нысан 2 жыл бойы жедел әрекет ету күштерінің уысында болған.

2023 жылдың сәуірінде Суданда азаматтық соғыс басталған еді. Сол уақыттан бері Шығыс Африкадағы бұл мемлекетте ел әскері мен жедел әрекет ету күштері арасында қарулы қақтығыс жүріп жатыр. Шиеленіс салдарынан 2 жылда 28 мың адам қаза тапты. 14 миллион тұрғын үй-жайын тастап, босып кеткен. Жақында үкімет әскері президент сарайы мен орталық банкті де кері қайтарып алған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz