2 айлық бітімнен кейін Израиль Газа секторында әскери операцияны қайта жалғастырғалы 180-нен аса бала өлім құшты, деп хабарлайды 24kz.
Жантүршігерлік статистиканы Біріккен ұлттар ұйымының палестиналық босқындарға көмектесу агенттігі жариялады. Олардың мәліметінше, көп баланың денесі әлі үйінділер астында жатыр. Анклавта дәрі-дәрмек тапшылығынан жарақат алғандардың өмірін аман алып қалу мүмкін болмай тұр. ХАМАС ұйымы кепілге алынған израильдік тұтқындарды босатудан бас тартқаннан кейін Израиль шекараны жауып, гуманитарлық көмектің жеткізілуін да қиындатты.
Тегтер #Израиль #Газа секторы #әскери шабуылPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz