RU
Толық нұсқаға өту

Трамп мәлімдемесінен кейін кореялық автоөндірушілердің акциялары құлдырады

27.03.2025, 17:27 597

Оңтүстік Кореядағы ірі автоөндірушілер – Hyundai мен Kia акциялары күрт құлдырады, деп хабарлайды 24kz.

Азия нарығындағы бұл жағдайға Дональд Трамптың соңғы мәлімдемесі түрткі болған. АҚШ президенті елге импортталатын көліктерге 25%-тік баж салығын енгізетінін жария етті. АмерикаОңтүстік Корея үшін маңызды нарықтың бірі. Былтыр елден экспортталған темір тұлпарлардың шамамен жартысы АҚШ-та сатылған. Содан жергілікті өндірушілер 34 миллиард доллар табыс тапқан. Ақ үй басшысының жария еткен тарифтері келесі аптада күшіне ену керек. Трамп әкімшілігінің түсіндіруінше, бұл америкалық автомобиль өнеркәсібін қолдау үшін жасалып отыр. Бастама ел экономикасына жылына 100 миллиард долларға дейін табыс әкелуі мүмкін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz